#бір_тұтас_тәрбие
16 қараша күні Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім жолын бастаған , бастауышым-бастамам» атты бастауыш сынып және тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында серіктес мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
«Бірлік» атты қоғамдастығына Жамбыл ЖББМ (жетекші мектеп ) және Майбалық НМ, Есперлі БМ (серіктес мектептер) кіреді.
Семинардың тақырыбы : «ШЖМ білім алушыларының математикалық сауаттылығын жан -жақты практикалық қолдану арқылы дамыту».
Мақсаты: Тәжірибе алмасу арқылы педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ететін желілік педагогикалық қоғамдастығының қызметін жетілдіру, оқушылардың 21 ғасырда белсенді және табысты жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыру үшін қажетті білім ортасын құру, сыни ойлау, өзін өзі реттеу, оқу дағдыларын дамыту .
Семинар барысында жетекші мектеп үйлестірушісі Ибраева К.Ж. семинар қатысушыларын жетекші мектептің қызметі және оның мақсаттарымен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімі Байтишкина Ж.К. 4 сыныпта «Өлшем бірліктері. Тонна. Грамм.» ашық сабақ көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері Сомкина Ж.С., Айтмолдина А.С., Бралина Г.А. және мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Рамазанова Д.Д. 2-4 сынып оқушыларға арналған интеграцияланған «Ой мен ойын» интеллектуалды ойын өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.